Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Шаруалар бюджет қаражатын жымқырған

Сүттен қаймақ емес, мемлекеттен пайда таппақ болғандардың әрекеті әшкереленді.

Түркістан облысында шаруалар 1 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған. Сайрам ауданындағы фермерлер өндірген сүт көлемін қағаз жүзінде сегіз есе көбейтіп, мемлекеттен қомақты субсидия алған.

Ақшаны қалтаға басу үшін жалған мәліметтер мен құжаттар пайдаланған. Қазір қазына қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінген төрт адамға қатысты тергеу аяқталды. Қазынаға 40 миллион теңге қайтарылып, олардың жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Ал екінші қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар