Елордада нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан смартфон мен тұрмыстық техника сатып келген интернет-дүкеннің үстінен іс қозғалды.
Прокуратураның мәліметінше, мұнда кәдімгі қаржы пирамидасының айласы қолданылған. Яғни жаңа сатып алушылардың ақшасы бұрынғы клиенттердің алдындағы қарызды жабуға жұмсалып отырған. Оған қоса, «промокод арқылы тауар алсаң, сыйақы береміз» деп, жұртты қызықтырған.
Қазіргі таңда бұл айлаға алданып, сан соғып қалған екі жүзден астам адам арыз түсірді. Жұртқа келген жалпы шығын көлемі 216 миллион теңге. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жақсылық Жасұланұлы