Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Қажылыққа жол ашық

Қасиетті Қағбаға тәу етіп, бес парыздың бірін өтеуге ниет қылғандар үшін жақсы жаңалық.

Алдағы қажылық маусымына отандастарымызға 4 300 орын бөлінді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы корольдікпен тиісті келісімге қол қойды.

Құжат екі ел арасындағы сапарды үйлестіру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық талаптарды сақтау мен оларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтиды. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және өзге де ұйымдастыру жұмыстары бойынша тараптардың міндеттері нақтыланды.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар