Астанада төрт жасар бала адамдар тамақ ішіп отырған дәмхананы қиратып тастады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға әкесі дүкенге кіріп кеткен сәтте болған. Көлік ішінде жалғыз қалған бүлдіршін кілтті бұрап қалғанда, машина оталып кетіпті.
Сөйтіп, темір тұлпар ғимараттың терезесін қиратып, ішіне бір-ақ кірген. Сол сәтте асханада бірнеше адам ауқаттанып отырыпты. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазір осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапсыз ер адамға хаттама толтырылды. Енді ол келтірілген шығынды өз қалтасынан төлейді.
Үсен Астана