Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

ҰБТ-дан шекті балл жинау міндетті емес

Енді тегін оқу үшін ҰБТ-дан шекті баллға жетудің қажеті жоқ! Бірақ бұл шетелде тұратын қазақтарға арналған жеңілдік. Олар жинаған ұпайына қарамастан, конкурсқа өтінім бере алады. Ал тестілеуден қаңтар, наурыз және тамыз айларында өтеді. Егер ақылы бөлімге түсетін болса, сынаққа қатысудың да қажеті жоқ. Ондай талапкерлер жоғары оқу орнына әңгімелесу арқылы қабылданады. Одан бөлек, елімізде оқып жатқан қандастарға негізгі тестілеуді тегін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Еске сала кетейін, іріктеу барысында түлектердің таңдаған мамандығына қарай үш, ал шығармашылық бағытта бір пәннің нәтижесі есепке алынады. Грант конкурсына арналған өтініштерді сәуірден бастап беруге болады.

← Барлық жаңалықтар