Индонезияның Ява аралында балалар алып питонды ойыншыққа айналдырды.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда жеткіншектер дәу жыланның үстіне мініп, кәдімгідей сырғанақ теуіп жүр. Ең сорақысы — ересектер оларды тоқтатудың орнына, керісінше қызықтап, камераға түсіріп тұрған.
Мамандардың айтуынша, бұл — әлемдегі ең ұзын бауырымен жорғалаушы саналатын торлы питон. Оның ұзындығы 6,5 метрге, ал салмағы 75 келіге дейін жетеді. Мұндай алып жыланның адамға шабуылдап, жұтып қойған кездері болған. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім зардап шеккен жоқ.
Ақбөпе Тәңірберген