Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 28 қаралым

Болгарияда сұмдық апат

Балқан түбегінде қайғылы оқиға. Болгарияда қалың тұманның кесірінен трассада 86 көлік бір-бірімен соқтығысты. Апат салдарынан 12 жолаушы опат болды. Авария ел астанасы София мен Бургас қалаларын жалғайтын ірі автомагистральда болды. Полицияның дерегінше, көлік жүргізушілері көз байлайтын тұманға қарамастан, жылдамдықты шамадан тыс асырған көрінеді. Сондай-ақ, апатқа аяқ асты басталған көктайғақ та себеп болуы мүмкін. Көлік апокалипсисіне байланысты ел орталығына қатынау қиындап кетті. Құтқарушылар осы уақытқа дейін трассадағы транспорттарды шетке шығарып үлгермей жатыр. Төтенше жағдайға байланысты ел премьері Румен Радев кездесулер кестесіне өзгерістер енгізіп, көлік коллапсын өз көзімен көруге аттанды. Тіпті, Үкімет басшысы Еурокомиссия төрағасымен келіссөздерді де кейінге шегерген. Себебі, осы сәтте ЕуроОдақ өкілі Урсула фон дер Ляйен жұмыс сапарымен Болгарияға табан тірепті.

← Барлық жаңалықтар