Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Шарын шатқалы әлемді мойындатты

Көрсе көз тоймайтын қазақ даласының бірегей жауһары әлемдегі үздік табиғи нысандар қатарына енді.

Шарын шатқалы The Worldworthy 100 халықаралық рейтингінде 46 елдің көрікті жерлері арасынан суырылып шығып, 17-орынға жайғасты. Бес мыңнан астам саяхатшының пікірі, журналистік зерттеулер мен ашық деректерге сүйенген тізімде ешқандай коммерциялық мүдде жоқ.

Яғни бұл қолдан жасалған даңқ емес, жиһанкездердің шынайы бағасы. Миллиондаған жылдық тарихы бар алып жартастар мен әйгілі «Қамалдар аңғары» талай саяхатшыны таңғалдырып келеді.

Енді Шарынның мерейін асырған халықаралық редакция ұлттық паркке лауреат сертификатын жолдапты. Бұл қазақ жерінің көркемдігіне берілген жоғары баға.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар