Келер жылдан бастап декреттегі ата-аналардың зейнетақы шотына мемлекет аударатын қосымша жарна тоқтайды.
Қазір бала күтіміне арналған жәрдемақының 10 пайызы зейнетақы қорына аударылады. Ал бұрынғы жалақы мен қазіргі төлем арасындағы айырмашылықты бюджет өз есебінен толықтырып келген еді.
Енді бұл жеңілдік алынып тасталады. Дегенмен ай сайынғы бала күтімі төлемі бұрынғыдай беріле береді. Сондай-ақ декреттік демалыс уақыты еңбек өтіліне қосыла береді.
Рамазан Палмағанбет