Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

«Өнер мектебінен» шу шықты

Ордабасы ауданындағы өнер мектебінен музыкалық аспаптардың үні емес, шу-шырқан жиі естіледі. Себебі сырты бүтін, іші түтін. Жемқорлардан қыруар қаржыны қайтарып алып, былтыр ғана жаңа өнер мектебі салынғанда, жұрт қатты қуанған еді. Бірақ, жаңа деген аты болмаса, баяғы ескі жиһаз бен аспаптардың қалған-құтқанын осында көтеріп әкеле салыпты. Соған қарамастан ай сайынғы ақысын қымбаттатып, ата-ананы қинап қойды.

Бұл өнер мектебі қайтарылған активтердің есебінен салынып, былтыр желтоқсан айында пайдалануға берілген. Ескі ғимараттан көштік деген аты ғана дегендер, тоз-тозы шыққан жиһаздары мен ескі аспаптарды осы жақа қайтадан алып келдік деп отыр. Онымен қоса, ата-аналардың шымбайына тигені төлемақыларының қымбаттап кетуі. Әу баста мың теңгенің төңірегінде төлейтіндер, қазір үш есе қымбат төлейді. Онымен қоса, аспаптары мен киімдерінде алады екен.

ТАҢШОЛПАН НҰРБЕКОВА, АТА-АНА:

Бірақ, ол қаражатты ата-ана өзі төлейді. Киімдерін өзі алып береді, прокатқа да алып береді, тіктіріп береді. Аспапты өзіміз үйде алып қойғанбыз. Үйде пиониномыз бар, гитарамыз бар. Биыл домбыра алдық. -Жарыстарға сол аспаптарды апара ма? -Иә, өзіміздің үйден алып барады жарыстарға. Бұл жерде оқудың өзіне алып келеді. Мысалы, флейта деген аспап екеу-ақ па сондай. Оның өзі бұзылып қалса, мұғалім ремонттайды екен.

Ата-аналар мен мұғалімдер шу шығарған соң аудандық білім бөлімінің өкілдері осы ортадан табыла кетті. Педагогтар мектептегі тозығы жеткен жиһаздары мен талай жыл болған аспаптарын көрсетіп, реттеп беруді талап етті. Тіпті, кей үйірмелерде музыкалық инструменттер жеткіліксіз дегенді де айтып қалды.

АЙНҰР ПЕРДЕБЕКОВА, ДОМБЫРА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Инструментке настрощик келмейді да, ешкім келіп жөндемейді да. Бірде біреуі жоқ. Электронный бар біреуі ғана. Ана мектептен келген, сол мектепте алынған. Бұл мектепке келгелі ешқандай жаңа аспап алынған жоқ деп тұрмын ғой. Жиһаздарда сол мектептен келген.

Ескі болса да, аспаптардың барлығы бапталып оқушылар мен мұғалімдердің сабақ өтуіне сақадай сай болып тұру керек екен. Бірақ, кей аспаптар маманы келмегендіктен әлі күнге дейін бапталмаған. Тіпті кейбірінің жылы айтарлықтай ескі.

Мынау 91-ші жылғы домбыра. Күнделікті осы домбыраны қолданасыз ба? Неге бермейді? Жауып қойған білмеймін бермейді.

Ал, мектеп директоры бағаның қымбаттауы облыс әкімінің қаулысына сәйкес жасалып отыр дейді. Қосымша үйірмеге келетін 336 баланың 229-ы 50 пайыздық жеңілдікпен төлейді екен. Ата-аналардан жиналған қаржыға нысанның шығындарын жабуға қолданамыз деді. Қосымша мемлекеттен алатын ай сайынғы 16 миллион теңгеннің басым бөлігі айлық беруге жұмсалады екен. Аудандық білім бөліміндегілер аспаптарды жаңарту бойынша өтініш тастаса бюджеттен қосымша қаржы қарастырып беруге жұмыс істейміз деп ақталды.

АЙГҮЛ ӘБУТӘЛІПОВА, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қалтасынан жөндеткен мұғалімді көрген жоқпын. Маған кеп мен қалтамнан жөндетіп жатырмын, мынау сынып қалды, мынау жарамай қалды деп маған ешкім айтқан жоқ. Неге онда сізге қарсы шығып жатыр? – Енді айтып отырмын ғой, біз жиналыс жасадық мына ата-аналарға қаулыға байланысты бізде оплата көбейді, атаналар сол төлемақыны көтерілді деп наразы боп жатыр.

Сонымен қатар, осы өнер мектебіне талай жылдық ғұмырын арнаған мұғалімдер категорияға сәйкес жалақыларын есептеп, ай сайынғы алып отырған еңбекақыларына қосып берсе деп өздерінің де талаптарын жеткізді.

← Барлық жаңалықтар