Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Қазақстандық стюардесса Кувейтте жансақтау бөліміне түсті

Кувейтте 25 жастағы қазақстандық стюардесса ауыр халде ауруханаға түсті. Непалдан ұшып келген рейсте бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жеткізілген. Алғашында реанимацияда екі тәулік жатқан отандасымыздың беті бері қарағандай болған еді. Алайда арада бірнеше күн өткенде дерті қайта қозып, тіпті жақындарын танымай қалған. Осыдан кейін іске Қазақстан дипломаттары араласып, науқасты ауруханаға қайта жатқызуға көмектесті. Қазір жергілікті дәрігерлер нақты диагнозды анықтау үстінде. Ал Сыртқы істер министрлігі жағдайдың жіті бақылауға алынғанын мәлімдеді.

ҚР СІМ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық азаматшаға қатысты келесіні хабарлаймыз. Қазақстандық дипломаттар азаматшаның туыстарымен және емдеуші медициналық мамандармен тұрақты байланыста. Тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.

← Барлық жаңалықтар