Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Атақты Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті

Әлемдік футболдың жұлдызы, миллиондаған жанкүйерді баурап алған Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесіп, көпшілікті таңғалдырды. Қазақтың дәстүрі Дубай қаласында ұйымдастырылған. Ең қызығы, 46 жастағы атақты футболшыны баланың өзі таңдапты. Ырымшыл әке ұлының алдына әртүрлі спортшылардың суреттерін қойған. Олардың арасында Лионель Месси, Майк Тайсон және қазақ боксының мақтанышы Геннадий Головкин де болған. Алайда балақай барлық абыройлы тұлғалардың ішінен Роналдиньоның суретін суырып алыпты. Бір қызығы әйгілі футболшы тұсау кескеніне ешқандай қаламақы алмаған.

← Барлық жаңалықтар