Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір студент қайтыс болды. Ол «География және табиғатты пайдалану» факультетіне биыл ғана оқуға түскен екен. Тәлімгер Шымкент қаласының тумасы көрінеді. Білдей жоғары оқу орны оқиғаға қатысты ләм-мим демеді. Бірақ әлеуметтік желіде жоғары курс студенттерінен оңбай таяқ жегені туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда басшылығы растамады. Әйтеуір марқұмның жақындарына көңіл айтып, материалдық және моральдық қолдау көрсетеміз депті. Әзірге азаматтың неден қаза тапқаны белгісіз, тек полиция күдікті ұсталғанын айтты.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық және жан-жақты объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.