Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Ерекше балаларды оқытатын маман тапшы

Елімізде ерекше балалармен жұмыс істейтін маман тапшы. 3 мыңнан астам педагог жетіспейді. Яғни есепте тұрған 237 мың баланың әрқайсысына жеке көңіл бөлу оңайға соқпай тұр. Әсіресе Астана, Алматы, Түркістан мен Маңғыстау өңірлерінде кадр тапшылығы айқын сезіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі мәлімдеді. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазір осы бағытқа басымдық беріліп, колледждерде жүздеген логопед пен педагог-ассистент даярланып жатыр. Бұған қоса, алдағы үш жылда елімізде 20 арнайы мектеп салу жоспарланған.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Қыркүйек айында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2026-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ведомствоаралық кешенді жоспар қабылданды. Министрлік инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл ретте негізгі басымдық инфрақұрылымды қалыптастырудан білім беру сапасын арттыруға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке қолдау көрсетуге бағытталған.

← Барлық жаңалықтар