Алматыда жылу құбыры жарылып, бірнеше көлік, кафе және маңайдағы бағдаршамға зақым келтірді. Оқиға таңғы сағат 5-тер шамасында Бостандық ауданында болған. Көшеден су бұрқақ сынды атқылаған сұйықтықты маңайдағы тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады.