Құтқарушылардың қызметі фильм түсіруге арқау болды. Өз өмірін қатерге тігіп, өзгені ажалдан арашалайтын жандардың ерлігі таспаланған «Соңыра» туындысы жарыққа шықты. Картинада төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен қатар, жеке өмірлері, отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік мәселелер де қамтылған. Сондай-ақ, фильмге кәсіби актерлермен бірге өрт сөндірушілер де түсіпті.
ЕРАСЫЛ ЕРБОЛҰЛЫ, АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ:
Қиыншылықтар дегенде киноға төзім керек екен. Басқа ештеңе қиын болған жоқ. Қалғаны өзіміз істеп жүрген жұмыс. Қиын болды. Ыстық кезде жүрдік. Түнгі уақытта жүрдік. Өте дұрыс деп ойлаймын осындай мақсатта жеткізу. Өйткені, біздің қазір өрт сөндірушілердің деңгейі енді енді-енді көтеріліп келе жатыр бұрынғыға қарағанда. Қазір жақсы ақырын-ақырын кинолар түсіре берсе деп ойлаймын өрт сөндірушілер жайлы.