«Мексикада өз үйімде жүргендеймін»…
Әлемдік ән сапарымен Мексикаға табаны тиген Димаш Құдайбергеннің жүрегін жергілікті халықтың махаббаты елжіретіпті. Жанкүйерлері оны әуежайдан күтіп алды. Әнші: «Маған сыйлаған осындай ыстық ықыластарың мен махаббаттарың үшін алғысымды жеткізуге сөз жетпейді. Өйткені музыка шекараға да, тілге де бағынбайды», — деген жазба жариялады.
Монтеррей қаласында әншінің өнерін сүйетіндер қабырғаға муралын салыпты. Димаш өзі бейнеленген нысанды да көріп, алғысын айтты.
Ақбаян Сұлтанмұрат