Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

Алматыда Серкебаев фестивалі басталды

Алматыда Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Үндесу» халықаралық фестивалі басталды. Оған көршілес бес елдің өнерпаздары қатысып жатыр. Жас таланттар алты аталым бойынша сынға түсуде. Байқау отандық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан Серкебаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған.

НҰРЛАН КАРИМОВ, ҚЫРҒЫЗСТАННАН КЕЛГЕН МУЗЫКАНТ:

Бізден 8 студент келді қатысуға. Алматыға бірінші рет келудеміз. Конкурс бойынша оқыдық. Ермек Серкебаев бойынша кішкене болса да мағлұматымыз бар. Бұл конкурсқа бірінші рет қатысып жатырмыз.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Үндесу» халықаралық фестивалі төрт күнге жалғасады. Бүгін концерттің салтанатты ашылуы болса, ертең дөңгелек үстелде шетелдік өнерпаздар Серкебаевтың шығармаларын талқылайды. Әлемдік опералардың таңдаулы партияларын аса шеберлікпен орындаған сахна саңлағы Чайковский атындағы музыкалық колледжінде оқыған.

ГҮЛСАРА БАЛПАНОВА, П. ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Фестивальдің басты мақсаты – ол жас орындаушыларды, өнер саласының өкілдерін, осы бір алаңда тоғыстыру, шығармашылық ойларын көзқарастарын тоғыстыру, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен шығармашылық табысқа мүмкіндік беру.

← Барлық жаңалықтар