Қазақ әдебиетін цифрландыру керек. Осы мақсатта отандық 10 жобаға 50 миллион теңге грант бөлінбек.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, байқауға 172 өтініш түскен. Іріктеуден өткен жобалардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі.
Қатысушылардың арасында қазақ тіліндегі балаларға арналған ертегілер мен комикстер, жасанды интеллект негізіндегі интерактивті білім беру құралдары бар. Мұндағы басты мақсат — ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын ояту.
Жанар Арғын