Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Болашақ артистер Астанада жүр

Болашақ артистер бас қалаға жиналды. Бүгін Арқаның төрінде республикалық «ҮМІТ» театр фестивалі шымылдығын түрді. Биыл 5-рет ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты — жастар шығармашылығын қолдау, студенттік театрларды насихаттау мен университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту екен. Дәстүрлі додада еліміздің 15 жоғары оқу орнынан келген 20 ұжым өнер көрсетеді.

ЖАМБЫЛ ТІЛЕП, ЕҰУ «ШАҢЫРАҚ» СТУДЕНТТІК ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Бұған дейінгі студенттік фестивальдарда 20 театр болмаған. Биылғы фестивальдің тағы бір ерекшелігі – кәсіби білім алатын студенттер бөлек санатта, әуесқой театрлар, яғни кәсіби білім алмайтын театрлар, басқа мамандықтарда оқитын студенттер бөлек жарысады. Тағы ерекшелік біз моноспектакльді де қосып отырмыз.

Екі күнге жалғасатын байқауда 23 қойылым ұсынылып, жас театрлардың шығармашылық ізденісі мен шеберліктері сарапқа салынады. Жайықтың жағасынан жеткен «Мұрагер» театры фестивальдің 2022 жылғы жеңімпаздары. Бұл жолы шынайылық, сенім мен сатқындық туралы әсерлі қойылымын ала келіпті.

ЕРНАТ БАЙЖАН, М. ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ:

Біз өнер фестиваліне «Менің досым – ит» атты шығарма алып келдік. Нұржан Тұтовтың шығармасы. Оқиғаның желісі Батыр деген кейіпкер мен Құтаяқ деген ит болады. екеуінің достығының арасындағы бір-біріне деген адалдықтары сондай дүниелер көрсетілетін болады.

← Барлық жаңалықтар