Елдің алтын-валюта резерві мен Ұлттық қордағы жиынтық активтер 132 миллиард доллардан асты.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, оның 66 миллиард доллары бағалы металға тиесілі. Бұл шамамен 386 тонна алтын.
Қоймадағы қор тек құйма күйінде жатпайды. Ол табыс әкелуі үшін халықаралық депозиттер мен сенімді шетелдік облигацияларға салынған. Ал қауіпсіздік талабына сай, оның нақты қай елде және қандай сейфтерде сақталатыны құпия ұсталады.
Қалған 15 миллиард доллар еркін айырбасталатын шетел валюталары мен құнды қағаздарда сақтаулы.
Гүлнәзия Мейірханқызы