Қазақстан биыл туристерден қанша пайда тапты? Бүгін салаға жауапты министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді. Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында 5 миллионға тарта қонаққа қызмет көрсетіліп, шетелдік туристер елімізге 1,4 млрд доллар тастап кетіпті. Ал тоғыз айда салаға салынған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асыпты. Сондай-ақ, 303 млрд теңге салық түскен.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
Туристік автобустар үшін жасыл дәліз тетігі енгізілді. Бұл ұйымдасқан туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өтуін жеңілдетеді. Туристік визит орталықтар мен ақпараттық орталықтардың жұмысына қатысты мәселелер өзгертілді. Гидтер және экскурсия жетекшілері туризм нұсқаушыларының жұмысына қойылатын талаптар жаңартылды.