Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 39 қаралым

Жылуды үнемдейтін ғимараттар көбейеді

Жылуды үнемдеп, шығынды азайтатын ғимараттар! Елімізде энергия көзі аз жұмсалатын құрылыс технологияларын кеңінен қолдану мәселесі талқыланды. Астанада өткен халықаралық конференцияға отандық және еуропалық компаниялар, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында Германияның іске асырып жатқан FELICITY II жобасының нәтижелері таныстырылды. Оның аясында энергия тиімділігін арттыруға бағытталған үш пилоттық бастама қолға алыныпты.

ГҮЛЖАН ТІЛЕУКЕНОВА, «ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ҒИМАРАТТАР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жалпы біздің жобада Фелисити 2 техникалық жағынан координация қолымызда. Әр түрлі салада және де энергия тиімділік жөнінен Германия жағынан біздің тәжірибемен бөлісіп отырмыз. Қазіргі таңда Астананың ортасында ДЖИЛБИ компаниясымен бірге бірінші пилоттық жобаны іске асырғалы жатырмыз. Германия барлық еуропа мемлекеттерінің арасында осы сала бойынша ең бірінші орында.

Сондай-ақ конференцияда қуат көзін үнемдейтін құрылысты қолдау үшін арнайы жобалық кеңсе құру туралы меморандумға қол қою жоспарланған. Ал Қазақстан мен Еуропа кәсіпкерлері жаңа технологиялар мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады.

← Барлық жаңалықтар