«Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде отандық өнімге басымдық берілуі керек. Премьер-министр Үкімет отырысында жауаптыларға осындай тапсырма берді. Олжас Бектеновтің айтуынша, жобаға Ұлттық қордан шамамен 6 триллион теңгеден аса қаржы қарастырылады. Бұл қаражат құрылыс саласымен қатар, отандық өндірістің дамуына да серпін беруге тиіс. Қазір елдегі кәсіпорындар ішкі сұраныстың 73 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Бектенов осы әлеуетті пайдаланып, қажет болатын тауарлар мен жабдықтардың өндірісін алдын ала жоспарлау мәселесін айтты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жинақталған нақты тәжірибе бар. Оған сәйкес 106 жобалау-сметалық құжаттама бойынша материалдар мен жабдықтарға деген қажеттілік айқындалды. Мұнда кәсіпорынның жаңа өнімін ұзақ мерзімді шарт негізінде өткізуге кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар бекіту тетігін кеңінен қолдану қажет.