Атырауда ойын балалары ақша толы әмиян тауып алды. Ішінде 300 мың теңге болған. Жасөспірімдер бір тиынын жоймай, полицияға беріпті.
БЕЙНЕЖАЗБАДАН:
Кеше ғана осындай керемет жағдай болды. Иесі мәз енді. Андай қомақты соманы жоғалтып тапсаң риза боласың ғой. Бұл жерде 11-12 жастағы балалардың полицияға деген сенімі олардың ата-анасының дұрыс тәрбиесінен.
Оқиға қаладағы Нұрсая ықшам ауданында болған. Полиция да адал екен. Бірден әмиянның иесін іздеп, жоғалтқан адамға қайтарыпты. Балалардың бұл әрекеті көпшілікті сүйсінтті.