Енді психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің айлығына қосымша ақы қосылуы мүмкін.
Жауапты министрлік ұсынған жобада психологтарға негізгі жалақысынан үш есе, ал әлеуметтік қызметкерлерге екі есе көп үстеме төлеу ұсынылып отыр.
Бұдан бөлек, учаскелік дәрігерлер мен мейіргерлердің де еңбекақысы еңбек өтіліне қарай 50 пайызға дейін артуы мүмкін. Құжат қазір қоғамдық талқылауда. Ол 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Егер бастама мақұлданса, жаңа тәртіп келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Рамазан Палмағанбет