Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ

Экологияны күзететін нейрожелілер

Петропавлда студенттер экологиялық мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект қолданады.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы хакатонда олар цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды. Сарапшылар бұл бастамаларды зерттеп, ең ұтымды әрі тиімдісін іріктейді.

Іс-шараға 50-ден аса ерікті қатысып жатыр. Көбінің жобасы қала мен су қоймаларын қоқыстан тазарту жұмыстарына бағытталған.

Анастасия Волкова, еріктілер бірлестігінің жетекшісі: «Біздің дайындаған бағдарламамыз облысымыздың проблемасын тауып, оны шешу жолдарын қарастыруға бағытталған. Оны өз тәжірибемізде қолданып, нәтижесін көрсетуді ойлап отырмыз. Бірақ ең әуелі оған жастарды тартуымыз керек. Олардың идеяларын, жаңа жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береміз. Өйткені сол арқылы қаламызды, ауламызды қоқыстан тазартып, жалпы қалай таза ұстауға болатынын зерттейміз».

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар