Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ

Шетелде 4 отандасымыз ұсталды

Словакияда 4 қазақстандық ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамалды. 18 бен 21 жас аралығындағы жігіттер бопсалаумен айналысқан екен. Жергілікті құзырлы органдардың дерегінше, қылмыстық іс Тренчин қаласында қозғалған. Тергеу дерегінше, бес адамнан құралған топ ақша талап ету мақсатында бір тұрғынның ізіне түсіпті. Тіпті, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оның үйіне заңсыз тінту жүргізген көрінеді. Кейін жәбірленушіні тауып алып, тіпті соққыға жығыпты. Төртеуі қолға түсіп, біреуі қашып кетіпті. Көп ұзамай ұсталған жерлестеріміздің бірінің адвокаты қорғауындағы азаматтарға «Адам ұрлау» бабымен айып тағылғанын жеткізді. Ал бұл деректі еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады. Қазір отандастарымызға қажетті көмек көрсетіліп жатыр екен.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Словак Республикасы аумағында Қазақстанның төрт азаматының ұсталғаны белгілі. Отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың туыстарымен де байланыс орнатылды. Бұл жағдай ведомствоның бақылауында.

← Барлық жаңалықтар