Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Бухгалтерлер 82 млн теңгені «жеп қойды»

Ақтөбе облысында бюджет қаржысын жымқырған мектеп бухгалтерлері сотталды. Олардың заңсыз әрекеті прокурорлық тексеріс кезінде әшкере болды. Шалқар ауданындағы білім ордасының есепшілері 2021–2024 жылдар аралығында жалақыны негізсіз көбейтіп, мемлекетке 82 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу дерегінше, №5 мектеп-лицейдің бас бухгалтері екі әріптесімен бірге директордың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланған. Олар осылайша қызметкерлердің есепшотына еңбекақыны артығымен аударып отырған. Ал артық ақша түскендер оны шешіп алып, есепшілердің қолына ұстатқан. Сот үкімімен бас бухгалтер 8 жылға, ал қалған екі сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бары ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.

← Барлық жаңалықтар