Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Енді мемлекеттік органдар құрғақ жауап үшін түсініктеме береді

Енді азаматтарды бір мекемеден екіншісіне сілтеп, халықтың мәселесін шешуге асықпайтын мемлекеттік органдарға талап күшейеді. Бұдан былай түскен өтінішті өзге құзырлы орындарға себепсіз жолдай салуға болмайды. Жаңа ережеге сай, жауапты мекеме бір хатты үш реттен артық басқа жаққа бағыттаса, мұның себебін жазбаша түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ мұндай шешімнің заңды негізін нақты көрсетуі тиіс. 8 қарашадан бастап күшіне енген өзгерістің басты мақсаты — жұрттың уақытын үнемдеп, түйткілді дер кезінде шешу. Бұған соңғы жылдары шенеуніктердің сырғытпа жауаптары мен өтініштерді негізсіз қайта жолдауына қатысты шағымдардың көбеюі себеп болған.

← Барлық жаңалықтар