Шымкентте 21 жастағы жігіт жарты келі синтетикалық есірткіні сатпақ болған жерінен ұсталды.
Ал Павлодарда Алматыдан келген әйелдің сөмкесінен ірі көлемде психотроптық зат табылды. Бұл — Ішкі істер министрлігі соңғы он күнде жүргізген арнайы операциялардың бір парасы ғана.
Жалпы, тәртіп сақшылары осы уақыт ішінде заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіледі. Оның басым бөлігі — марихуана. Бұдан бөлек, «синтетика» мен гашиш те бар.
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, осы аралықта ел бойынша есірткіге қатысты 56 қылмыс әшкереленіп, 35 күдікті қолға түсті.
Рамазан Палмағанбет