Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 24 қаралым

Таразда автобустарға камера қойылып жатыр

Сергекті көргенде ғана жылдамдығын бәсеңдетіп, артынша қайтадан жүйтки жөнелетін жүргізушілерге енді тықыр таянды.

Таразда жол ережесін елемейтіндерді анықтау үшін полиция департаменті қоғамдық көліктерді пайдалануға көшті. Қазір қаладағы екі автобусқа жылдамдықты тіркейтін арнайы құрылғы орнатылыпты. Әзірге олар тестілік режимде жұмыс істеп тұр.

Қырағы бейнебақылау жүйесі өз тиімділігін көрсетсе, құзырлы орган өкілдері мұндай құрылғылардың санын арттырмақ ниетте. Тіпті жедел жәрдем көлігіне дейін қоюды жоспарлап отыр.

Жасұлан Болатбек, ЖО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы: «Кешендерді 2026 жылдың 23 қарашасынан бастап толық іске қосуды жоспарлап отырмыз. Толығырақ айта кететін болсақ, жылдамдықты асыру мен көліктің дұрыс емес жерге тоқтағанын барлығын түсіретін болады».

Дәурен Доғдырбай

← Барлық жаңалықтар