Ақмола облысында 200 жер телімі мен 96 жылжымайтын мүлік нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды.
Заң бұзушылықтар Зеренді ауданында анықталған. Прокуратура мәліметінше, тәркіленген дүние-мүлік уақтылы мемлекет балансына қайта рәсімделмеген. Онымен қоймай, жер телімдерінің бір бөлігі тіпті арнайы жер қорына да енгізілмей қалыпты.
Салдарынан сот шешімдері толық орындалмай, нысандар әлі күнге дейін бұрынғы иелерінің атында тіркеліп тұрған. Қадағалаушы органның араласуынан кейін олқылықтар жойылды. Ал іске қатысты жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Ақбөпе Тәңірберген