Алматыда Сайран көлінің маңынан қару-жарақ табылды.
Күдікті заттар Садовников көшесіндегі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтан анықталған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл жетіп, айғақтарды заң аясында тәркіледі.
Қазір табылған қару мен оқ-дәрілер арнайы сараптамаға жіберілді. Болжам бойынша, бұл газды тапанша болуы мүмкін. Құзырлы органдар қарудың ол жерге қалай тап болғанын анықтап жатыр.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі: «Қазір полицейлер қарудың қайдан келгенін, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Бұл қару мұнда қалай пайда болды және оған қатысты қандай мән-жайлар бар? Мұны жүргізіліп жатқан тексеру анықтайды».
Ұлан Тәліпбай