Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Жетісу облысына қыруар қаржы бөлінеді

Еліміздің барлық аймағын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Үкімет Жетісу облысының алты бірдей ауданына газ тарту үшін 37 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Қомақты сома Үкіметтің Инфрақұрылымды дамыту қорынан бағытталады. Ал газға қарқ болатын елді мекендердің қатарында аймақтың Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал мен Ескелді аудандары бар. Құбыр тарту жұмыстары биыл жыл соңына дейін басталуы тиіс. Ал 2028 жылы аталған өңірлердің халқы газбен қамтамасыз етіледі деген жоспар бар. Қаржы негізгі екі бағыт бойынша бөлінеді. Осы кезеңде жалпы ұзындығы 576 шақырымды құрайтын құбыр тартылады.

← Барлық жаңалықтар