Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 27 қаралым

«Айхай шоуды» өткізіп алмаңыздар

«Еуразия» Бірінші арнасында жаңа жоба. «Айхай шоу» деп аталатын бағдарлама көрерменге жол тартты. Мұнда танымал тұлғалар бас қосып, әзіл-қалжыңдарымен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Аяжанның Бүркітінің салмағы қанша? Орта есеппен 6 килограмм. Аиша ханым, бүркіт мырзаның салмағы қанша? Тоқсан тоғыз. Сол екен ғой қолына ұстай алмайтыны. Осы жолы Бүркіт пен Аиша қонақта. Жұлдызды жұп бұрын еш жерде айтпаған сырларын ақтарып, шығармашылықтары жайлы жоспарларын айтып береді. Тосын сұрақтарға жауап беріп, музыкалық ойындарға қатысып, тапқырлықтарын паш етеді.

ҚАЙРАТ ӘДІЛГЕРЕЙ, «АЙХАЙ SHOW» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Бұл бағдарламаның ерекшелігі ойын-сауық бағдарлама. Кешке қарай, сенбілік кеште көрермендерге көңіл-күй сыйлайтын, көрермендерді жадырататын, келесі аптаға күш жинайтын энергияға толы бағдарлама.

← Барлық жаңалықтар