«Нормальный колонка керек болса, 1 миллион 800 мың теңге беріңдер». Семейде әкімдік ауыз су өткізіп беруді сұрағандардан қаржы талап еткен. Бұл жауапқа наразы болған семейліктер бүгін жиналып, президентке үндеу жасады. Олар ауданымыз қала аумағына кірсе де, 30 жылдан бері ішуге жарар судан жұрдаймыз, дейді.