Сотқа жалған ақпарат берген куәгерлер жазасыз қалмауы керек. Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері зорлаған баланың ісі толықтай ашылған жоқ. Танымал адвокат Айман Омарова осылай деп мәлімдеді. Сұмдық жағдай 7 жыл бұрын болса да, күдіктіге әділ жаза енді ғана тағайындалды. Ал жалған куәлік етіп, істі бұрмалағандар әлі де бостандықта жүр екен.