Түркістан облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі 3 метр тереңдікке құлап кеткен. Салдарынан 25 адам ауруханаға түскен. Оның үшеуінің жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары болса, жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.