Мектеп жасындағы оқушылар қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс болу үшін оқуын да ысырып тастайды екен. Әсіресе, жағдайы төмен жанұяның ұл-қыздары қара жұмысқа үйір. Ең өкініштісі, нәпақа табамын деп алданып жатқан жасөспірімдер де бар. Балалардың еңбегін еш кетіргендерге жаза бар ма?