Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 103 қаралым

Бір келі есірткіні таксимен алып өтпекші болған

Жамбыл облысынан Алматыға салмағы бір келі болатын есірткіні алып өтпек болған ер адам ұсталды. Кешкі сағат сегіз шамасында шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері жапон көлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Тінту барысында ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, бірден тәркіленді. Әуел баста жеке таксидің жолаушысы біреуге жеткізбек болғандығын хабарлаған.

← Барлық жаңалықтар