Қиранды астында қаламыз! Алматының қақ ортасында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі жандар осылай деп дабыл қағуда. Жұрт нысан жанынан өтетін жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу керек дейді. 8 тоннадан астам ауыр техниканың өтуіне тыйым белгісі орнатылса да да, құрылыс қоқысын шығарушылар өз жұмысын тоқтатар емес. Тіпті, шыдас бермеген көпір аз ғана уақыттың ішінде екі жерінен де жарылып үлгеріпті.