Мазмұнға өту
· 126 қаралым

Ауыл студенттері онлайн оқу үшін қаладан пәтер жалдауға мәжбүр

Шығыс Қазақстандағы Ресеймен шекаралас жатқан Қоянбай ауылының студенттері онлайн оқу үшін қаладан баспана жалдауға мәжбүр. Себебі, шалғайдағы елді мекенде интернет тұрмақ , ұялы байланыс желісі де жоқ. Қоянбайлықтар қаладағы балаларының жалдамалы пәтерлерін төлейміз деп әбден шығынға батыпты. Ал бұл мәселеге жүрдім-бардым қарап жүрген жергілікті биліктіге атқамінерлер тіпті шекаралық аймақтағы ауылға ат ізін салуды да қойған екен.

← Барлық жаңалықтар