Мазмұнға өту
· 137 қаралым

Апатқа ұшыраған индонезиялық ұшақтың қара жәшіктері табылды

Өткен сенбі күні апатқа ұшыраған индонезиялық жолаушылар лайнерінің сынықтары мен қара жәшіктер табылды. Фюзеляждың бөліктері мен ұшақтың тіркеу мәліметтерінің сынығы 23 метр тереңдіктен алынды. Бұған дейін құтқарушылар теңізден адамдардың дене бөліктерін, киім мен металл қирандыларды алып шықты. Апатты көрген балықшылардың айтуынша, ұшақ әуеде жарылып кеткен.

← Барлық жаңалықтар