Ақтөбеде шошқа фермасының айналасындағы дау басылмай тұр. Бестамақ ауылының тұрғындары тағы да мал шаруашылығы кешенінің маңына жиналып, талаптарын айтты. Олар кәсіпорын жұмысын осылай жалғастыра беретін болса, таза ауа мен өзен-көлден жұрдай, дімкәс ұрпақ жайлаған аймаққа айналамыз дейді. Мәселенің мән-жайын аймақтағы тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова да біліп қайтқан еді. Қазір бізбен байланысқа шығады.