Тұрмысы төмендеген азаматтардың саны артты. Бүгінде қайырымдылық қорына көмек сұрап келетіндер көбейген. Бұған дейін тек мүгедек, аз қамтылған отбасыларды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған қор, енді тұрақты табысы барларды да қамқорлыққа алуда. Мекеме қызметкерлері қазір балалар киіміне, аяқ-киімге сұраныс артқанын айтады.