Алдағы жылдан бастап ұялы телефон арқылы жасалатын ақша аударымдарына салық салынбақ. Бұл жайында қаржы министрлігінің есепті кездесуінде белгілі болды. Сондай ақ, сәуір айында Үкімет 2022-2025 жылдарға арналған ел бюджетін түзе бастайды. Оның кіріс бөлігі негізінен салық пен кедендік баждан тұрады десек, бұл ретте Үкімет түрлі түсімдерге қатаң бақылау орнатпақшы. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысты Заң да күшейтіледі. Өйткені ел бюджетінің жартысы осы салаға кетеді екен.