Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 105 қаралым

ЕКІБАСТҰЗДА ҚОҚЫС ТӨГУГЕ ШЫҚҚАН ЕР АДАМДЫ АТЫП КЕТТІ

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды өз үйінің ауласында атып өлтіріп, ізін суытқан қаскөй ұсталды. Дереу күдіктінің ізіне түскен полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 60-ты алқымдаған адамды ұстаған. Оның марқұмды шолақ мылтықпен атқаны анықталды.

← Барлық жаңалықтар