Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын арнамызға марқұмның туысқандары айтып берді. Олар бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы.