Семейліктер Президенттен көмек сұрайды. Қаланың сол жағалауындағы жатақхана тұрғындары жақында далада қалуымыз мүмкін дейді. Өйткені 4 жылдан бері белгісіз жан олардың заңды үйлерінен қуып әлек. Ол сондай-ақ соңғы уақытта тұрғындарды ай сайын жалға алу ақшасын төлеңдер деп қыспаққа алыпты.